Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Алматы облысында “Darmen”тегін мобильді қосымшасы іске қосылды

Алматы облысында тегін “Darmen” мобильді қосымшасы іске қосылды, оның жобасын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласының Даму орталығымен және Smart Almaty тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде “I2NIK” ЖШС қазақстандық әзірлеуші компаниясымен бірлесіп іске асырды.

Бұл мобильді қосымша Android Және IOS операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық иегерлерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.

“Darmen” әзірлеу үшін Жапония мен АҚШ-тағы мобильді қосымша арқылы халықты хабардар ету тәжірибесі зерделенді.  Бұл қосымша бірнеше секунд ішінде облыстың ТЖ қаупі мен туындауы, оның ішінде дауылды ескерту туралы халықты жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді. Бұдан әрі жер сілкінісі туралы ерте хабарлау жүйесін енгізу кезінде осы қосымша алдағы жер сілкінісі туралы хабарлайтын болады.

Облыстың ТЖД “Қазгидромет” қызметінен, Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициядан жедел мәліметтерді алғаннан кейін хабарлама қалыптастырады. Одан әрі ТЖД жедел кезекшісі жүйеге деректерді енгізеді, ол Push-хабарлама қосымшасын пайдаланушыларға дереу жібереді.

Мобильді қосымша тәжірибелі пайдаланудан өтті және бұрын қолданылған SMS –хабарлаумен салыстырғанда хабарламаларды жедел жеткізуде жоғары тиімділікті көрсетті.

Қосымшаны App StorePlay Market ұялы телефондарына арналған қосымшалар дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.