Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Осы мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар тегін көрсетеді. Ауданда бұл қызмет түрін Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі көрсетеді.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 6 жұмыс күні;

бастапқы материалдарды алу – 15 жұмыс күні.

Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:

сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 жұмыс күні;

бастапқы материалдарды алу – 17 жұмыс күні.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау – 15 (он бес) жұмыс күні.

Дәлелді бас тарту – 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Сонымен қатар осы қызмет түрі бойынша толық ақпарат алу үшін Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 131 мекенжайда орналасқан Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөліміне болады. Бөлім басшысының у.м.а. – Қ.Абаев, жауапты жетекші маман – Б.Абдрасилов, байланыс телефондары – 51654, 50703.

Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы

Б.Абдрасилов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған