Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі туралы

«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

         Қызмет көрсету орны – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары. Ауданда бұл қызмет түрін Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі көрсетеді. 

         Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Жеке және заңды тұлға үшін өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге және оның параметрлеріне жазбаша келісімі.
  4. Егер объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыс кешені жүргізілгенде, кейіннен кәдеге жаратуға (құрылыстарды бұзуға) жататын объектіге көршілес басқа үй-жайлардың (үйдің бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі.
  5. Тиісті мемлекеттік органның техникалық (қалыпты) жай-күйін зерттеп-тексерудің нәтижелері бойынша анықталған осы объектіні одан әрі қолданудың (пайдаланудың) мүмкін еместігін растайтын құжат.
  6. Жұмысты жүргізу жобасы (бір немесе екі қабаттан тұратын жеке тұрғын үй, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстар, жеке үй маңындағы учаскелер аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, контейнердi және блоктарды пайдаланып жасалатын шағын кешендердi, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi қажет етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар) үшін қажет емес)/ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (блокты үйді бұзу кезінде ұсынылады).

         Қызмет көрсету нәтижесі – объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

         Қызмет көрсету мерзімі:

  • техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 10 жұмыс күні;
  • техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Сонымен қатар осы қызмет түрі бойынша толық ақпарат алу үшін Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 131 мекенжайда орналасқан Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөліміне болады. Бөлім басшысының у.м.а. – Қ.Абаев, жауапты жетекші маман – Б.Абдрасилов, байланыс телефондары – 51654, 50703.

Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы

Б.Абдрасилов

Пікірлер қалдыруы жабылған.