Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

“Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу”

мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

         “Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу” мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі немесе дәлелді бас тарту мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет  жеке және заңды тұлғаларға тегін, электрондық түрде көрсетіледі, толық автоматтандырылған. Қызметті көрсету нәтижесі – электрондық эскизді (эскиздік жобаны) келісу хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Қызметті алу үшін порталға жүгінген кезде келесі құжаттар тізбесін өткізеді:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасын сәйкес нысан бойынша өтініш;

эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

Егер көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 41-1-тақмағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

Ауданда осы қызмет түріне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 131 мекенжайда орналасқан Панфилов ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінен кеңес алуға болады.

Бөлім басшысының у.м.а. – Абаев Қайрат Амитұлы, жауапты маман – Абдрасилов Берік Болатұлы, байланыс телефондары: 51654, 50703.

Панфилов ауданының сәулет және

қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы

Б.Абдрасилов

Пікірлер қалдыруы жабылған.