Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық төлеушілердің назарына!

Бақылау-касса машинасының чегін бермеу фактісі туралы ақпарат хабарлаған жағдайда 1000 теңге сомасына балансты толтырады!

30.09.2019 жылдан бастап 30.11.2019 жылға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті республиканың барлық аумағы бойынша бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаны жүргізуде.

Бұл дегеніміз, чектің берілмеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға 1000 теңге сомасына ұялы телефон балансын толтыру арқылы сыйақы төлеу жүргізіледі.
Сыйақы БКМ чегін беруден бас тарту фактісін бейне түсіргенде, дүкеннің мекен-жайы мен атауы, сауда үйінің, базардың атауы (сауда үйіндегі бутиктің нөмірі, базардағы орынның нөмірі) және фискалдық чек бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетілген жағдайларда төленеді.

Бейнематериалдарды Apple App Store және Google Play market арқылы тегін көшіріп алуға болатын «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.

Шағымдарды жіберген кезде өзіңіздің тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (ол болған жағдайда), ЖСН мен байланыс телефоныңызды қосымша көрсетіңіз. Бұл деректемелер фискалдық чек бермеген тұлғаны бұзушылық фактісі расталған және жауапкершілікке тартылған жағдайда сыйақы төлеу үшін қажет.

Мемлекеттік кірістер органдары барлық азаматтарды ҚКМ чектерін бермеу арқылы өз кірістерін жасырып жүрген салық төлеушілерге қатысты өзінің азаматтық ұстанымын

білдіруге және Пилоттық жобаға белсенді қатысуға шақырады. Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары пысықтайтын болады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған