Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Гендерлік статистика

Қазақстанда әйелдер мен еркектердің тең құқықтығы мен тең мүмкіндігінің принципі Қазақстан Республикасының Конституциясында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.» (14 бабының, 2 тармағы) бекітілген. Нақ осы ережелер осы немесе басқа жынысқа қатынасы бойынша кемсітуді болдырмауды қамтамасыз ететін құқықтық нормаларға негізделеді. Статистикалық орган гендерлік процестің дамуына сараптама жасайды.

Гендерлік статистика – бұл қоғамның барлық саласындағы жағдайларды бейнелейтін әйелдер мен ерлер туралы статистикалық деректер. Ол ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері принциптерін жүзеге асыру, әлеуметтік-демографиялық саясатты тиімді әзірлеу барысында ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде ерлер мен әйелдердің ерекшелік-терін ескеруге мүмкіндік берудің маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Гендерлік статистиканы дамыту бойынша міндеттерді шешудегі бірінші қадамдарының бірі болып табылады. Гендерлік аспекте халық саны, өмір ұзақтығы, көші-қон қарқыны, білім беру деңгейі, орта және жоғары оқу орындарында студенттерді дайындау, түрлі аурулармен ауру туралы, экономика саласында жұмыспен қамтылу, еңбекақы деңгейі туралы деректерді жатқызуға болады.

Аудандық статистика басқармасының жетекші маманы

Бейсебеков Ж

14.04.2020.ж

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған