Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 Әлеуметтік қамсыздандыру бөлім қызметкерлерінің  жүктемесі  4 есеге артты.

Алматы облысында 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек  254  мыңнан астам адамға тағайындалды  және   332 мыңнан астам адам өтініш берген екен. Бүгінгі күні  Президенттің қайта есептеу жөніндегі  шұғыл тапсырмасын орындау үшін 21  аудандық және қалалық   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 280- ге жуық қызметкерлері  күшейтілген режимде жұмылдырылған. Жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден басталып түнің бір уақытына дейн созылуда. Мамандар азаматтардың өтініштерін қабылдайды, тексереді және уәкілетті органға жібереді.Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қордың (ГФСС) растауынан кейін, құжаттарды төлем жасау үшін базаға енгізеді. Әрине, төлемді  Еңбек министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері тағайындайды және бекіте, бірақ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  қызметкерлері оларды өңдеп, төлем жасауды қамтамасыз етуде.
Бүгінгі күнге дейін  республика бойынша келіп түскен 2 миллионнан астам өтініштің 340 мыңға жуығы  Алматы облысының  үлесінде.  Қызметкерлеріміздің төзімділігі мен шыдамдылығының арқасында тапсырма сапалы орындалуда. Осындай қысылтаяң сәтте тұрғындарға қолдау көрсеткен әріптестеріме алғыс білдіремін.

Пікірлер қалдыруы жабылған.