Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

БЖЗҚ салымшыларының 2020 жылдың басынан бергі инвестициялық табысы 332 миллиард теңгені құрады

 «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеденасып түсті (жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады). Зейнетақы активтерін әр түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кірістілікті, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруі тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтері құрылымының 32%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлігі (портфельдің 30%- ға жуық көлемі) – АҚШ долларында. Қоржынды валюталық әртараптандырудың, инвестициялар географиясы мен қаржы құралдары спектрін кеңейтудің арқасында халықтың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кіріс үлесі тұрақты түрде өсуде. 2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңінде 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бірінші жартысында салымшылардың шоттарына аударылған инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгені құрады (2019 жылдың осы кезеңінде 54,74 млрд теңге). Зейнетақы активтері бойынша жинақтардың сақталуы мен кірістіліктің теңгерімді деңгейін ұзақ мерзімге қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарушы ретінде ұлттық валюта – теңгемен де, шетел валютасымен де инвестициялар қабылдайтын әртараптандырылған инвестициялық портфельді қалыптастыру тұжырымдамасын ұстанады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.