Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, мынаны хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш: 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап – 2 651 теңге, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап – 2 778 теңге болып белгіленген.

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық кодексі) 492-бабының 3-тармағына сәйкес салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай – АЕК) қолданылады.

Осылайша, 2020 жылға көлік құралдары салығын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.

Алымдар, төлемақылар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша

Салық кодексінің 553, 557, 582 және 609-баптарына сәйкес тіркеу алымдары, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы,жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы және мемлекеттік баж мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде айқындалады.

Осылайша, 2020 жылға алымдарды, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны және мемлекеттiк бажды есептеу үшін:

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін төленгенжағдайда – 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған АЕК (2 651 теңге);

2020 жылдың 1 сәуірінде және кейінтөленген жағдайда– 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданыста болатын АЕК (2778теңге) қолданылады.

Салық кодексінің 563, 576, 587, 591 және 595-баптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы, ерекше қорғалатын табиғи

аумақтарды пайдаланғаны үшінтөлемақы жәнерадиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Осылайша, 2020 жылға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі салық салу объектісі болып табылатын жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақыжәне радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы есептеу үшін 2020 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болған АЕК – 2 651 теңге қолданылады.

Сонымен бірге, Салық кодексінің 314-бабының 2-тармағына сәйкес егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастапкүнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады. Бұл ретте заңды тұлғаның тіркеуші органда мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап құрылған заңды тұлғалар2020 жылға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі салық салу объектісі болып табылатын жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы және радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы есептеу үшін 2020 жылғы жылғы 1 сәуірінен қолданыста болатын АЕКмөлшері қолданылады, яғни, 2 778 теңге.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 605-бабына сәйкес төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.

Ойын бизнесі салығы бойынша

Салық кодексінің 536-бабының 2-тармағына сәйкес салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Салық кодексінің 537-бабына сәйкес ойын бизнесі салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсанға тең,онда ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап ойын бизнес салығының сомасын айқындау кезінде 2 778 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады.

Арнаулы салық режимiн қолдану бойынша (әрі қарай – АСР)

Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағына сәйкес шағын бизнес субъектілеріне арналған АСР мынадай талаптарға сәйкес келетін:

патент негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын.

Осылайша, шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдану мақсаттары үшін шекті табыс 2020 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады.

Бірыңғай жиынтық төлем бойынша (әрі қарай – БЖТ):

Салық кодексінің 774-бабының 2-тармағына сәйкес бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Мәселен, БЖТ төлеушінің шекті табысын есептеу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК қолданылады, яғни 2 651 теңге (2020 жылға шекті табыстың мөлшері – 3 114 925 теңге).

Сондай-ақ, Салық кодексінің 775-бабының 2-тармағына сәйкес бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған АЕК мөлшері қолданылады.

Осылайша, БЖТ сомасы ағымдағы жылдың бір айы үшін қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 2 651 теңге құрайды, ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 326 теңге.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған