Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Талдықорғанда жетпіске жуық Egov бұрышы ашылады

Талдықорғанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын онға жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 70 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ талдықорғандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.
Коронавирус инфекциясының қауіпі сейілмегендіктен, оның ХҚО-да таралмауына ерекше назар аударған жөн. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмау және вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар нақты шараларды қабылданды. Енді талдықорғандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен онлайн рәсімделген өтініштердің дайын нәтижесін ала алады. Бұл ретте, ХҚО-ға баратын уақыт аралығын алдын ала брондау қажет. Қазақстандықтар электронды қызметтерді өз бетінше үйде, кеңседе немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Сонымен қатар, ол аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалардағы ХҚО ғимараттарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының бұрынғыдай жұмыс істейді. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктер ғимаратында орналасқан egov бұрыштарында өз бетінше алуға болады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.
Айта кетейік, азаматтардың келесі үш санаты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да кезек уақытын алдан ала брондауы тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған