Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 482
  • Week Visit: 9  066
  • Month Visit: 47  064
  • Years Visit: 539  566
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі-2015

  20150619100247Жаркент қаласының орталығында орналасқан аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында 19 маусымда «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті. Жәрменкені Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Панфилов ауданының жұмыспен қамту орталығы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының Панфилов аудандық филиалымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жәрмеңкені Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жақыбай ашып, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының Панфилов аудандық филиалының өкілі Н.Жазылбекова сөз сөйледі.    

Жәрмеңкеге 32 мекеме, ұйым, кәсіпорын, мемлекеттік емес ұйымдар қатысып, 165 бос жұмыс орындары ұсынылды, 4 оқу орны: Жаркент гуманитарлық-техниқалық колледжі, «Диана» медициналық колледжі, Жаркент көпсалалы колледжі, Жаркент қаржы-экономикалық колледжі қатысты.

 ???????????????????????????????Жәрмеңкеге қатысушы жұмыссыздар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мектеп бітіруші түлектер, жәрмеңкенің кеңес беру орталығында әртүрлі сұрақтарға толық, жан-жақты кеңестер алды. Жәрмеңкеге қатысқан «Синема Мидас Строй» ЖШС – 2 бос жұмыс орны-техникалық қызметкерлер, «Көктал-Агро» ЖШС – 20 бос жұмыс орны-маусымдық жұмысшылар, «Строитель» ЖШС – 10 бос жұмыс орны- жұмысшылар, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі -3 бос жұмыс орны-математика пәні мұғалімі, физика пәні мұғалімі, химия пәні мұғалімі жұмыстарын ұсынды.

«Құрғақ порт» аумағында орналасқан «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС қаржыгер, есепші, механик, электрик, менеджерлер мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.Нәтижесінде 42 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 24 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

          Шара барысында жәрмеңкеге келушілер аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.