Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 220
  • Week Visit: 8  804
  • Month Visit: 46  802
  • Years Visit: 539  304
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданында аттестат тапсыру рәсімдері өтті

DSC_342220 маусым күні еліміздің барлық орта мектептері мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімін салтанатты түрде атап өтті. Осы күні Панфилов ауданының 43 орта мектебінде де бір мезгілде аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Мәдениет үйінің алды түрлі-түсті жалаулармен, шарлармен безендірілді. Мектеп бітірушілердің құрметіне әсем әуендер беріліп, түлектерге мерекелік көңіл-күйде сыйлады.
Аттестат тапсыру рәсіміне «Жетісу Ақпарат Медиахолдинг» АҚ басқарма төрағасы Г.Сүлейменова, аудандық бөлім басшылары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Шара салтанатты түрде ашылған соң Қазақстан Республикасының Гимні ойналды. Үлкен өмірге жолдама алу үшін сахна төріне көтерілген түлектерді қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар қошемет көрсетіп қарсы алды. Төменгі сынып оқушылары тарту еткен «Балапандар» биінен кейін алғашқы сөз аудан әкімі Б.Абдулдаевқа берілді. Аудан әкімі өз сөзінде 2014-2015 оқу жылында 43 орта мектептен 1082 түлек бітіргенін, оның 549-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқанын және халықаралық ғылыми-жобалар жарысының жеңімпаздары атанған 12 түлектің Қазақстан Республикасы Білім және министрлігінің бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылғанын ерекше мақтанышпен атап өтті. DSC_3366Сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша аудандағы ең жоғарғы балл жинаған Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы А.Абдужалалованың жетістігін үлгі ретінде және облыстағы қалалар мен аудандар арасында Панфилов ауданының бесінші орынды иеленгенін мақтанышпен тілге тиек етті. Аудан әкімі құттықтау сөзінен кейін мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгі», Үздік аттестат, халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми жобалардың сертификаттарын табыс етті. Шара барысында «Жетісу Ақпарат Медиахолдинг» АҚ басқарма төрағасы Г.Сүлейменова, ата-аналар және мектеп бітіруші түлек А.Абдужалалова түлектерге сәт-сапар, ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мереке мектеп бітіруші түлектердің «Мектеп вальсымен» аяқталды.

Пікірлер қалдыруы жабылған.