Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 238
  • Week Visit: 8  822
  • Month Visit: 46  820
  • Years Visit: 539  322
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
Холдинг қуаныш сыйлады

 Өңіріміздегі сан салалы «Алтынкөл» теміржол стансасы мен Қорғас құрғақ портының құрылыс жұмыстарын жүргізіп келе жатқан құрылыс дивизионының қолтаңбалары – Жаркент жұртшылығына танымал.

IMG_4078Маусымның 23 күні Холдингке қарасты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «АБК-автодор» филиалының (басшысы Сағидолла Абжанов) құрылысшылары қаламыздағы №6 орта мектебі ғимаратының ауласынан шағын спорттық алаңды пайдалануға берді.

«BI Group – Холдингтің 20 жылдығына – 20 ізгі іс» бастамасымен салынған спорт алаңының ашылу рәсіміне №6 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алаңның ашылу салтанаты мемлекеттік Әнұран сазымен өріліп, алғашқы сөзді «BI Group» – Холдингтің Жаркент өңіріндегі құрылыс дивизионының бастығы Жомарт Түбекбаев алды.

Бұдан соң аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев сөз алып, «BI Group» – Холдингтің басшылары мен құрылысшыларына көпшіліктің атынан шынайы алғысын білдірді.

IMG_4106Алаңның ашылу салтанатында №6 орта мектептің директоры Айтжамал Көбелекова сөз сөйлеп, дивизион ұжымына шынайы алғыс айтты.

Бұдан соң спорт алаңының лентасын қию рәсімі болды. Бұл құрметке аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев пен дивизион басшысы Жомарт Түбекбаев ие болды. Лента қию рәсімінен соң аудан әкімі бастаған топ шағын футбол алаңын тамашалап, естелік суретке түсті.

Қ.Бейсебай

Пікірлер қалдыруы жабылған.