Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 480
  • Week Visit: 9  064
  • Month Visit: 47  062
  • Years Visit: 539  564
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаевтың 6 шілде – Астана күнімен құттықтауы

Құрметті халайық!
Қадірменді қонақтар!

????????6 шілде – ел тарихындағы ерекше дата, айрықша мейрам! Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы – Астананың туған күні! Сарыарқа төсінде асқақтай бой көтерген жаңа қалаға биыл 17 жыл толып отыр. Осынау аз ғана уақыт ішінде Астана ай сайын, күн сайын ғана емес – сәт сайын өсті. Салтанаты артып, сәулеті сәндене түсті. Еліміздің бас қаласы ретінде құлашын кеңге жайды. Зәулім-зәулім ғимараттар салынып, әсем саябақтар жасалды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани орталығы болды. Сөйтіп, «Мәңгілік ел» болуды мақсат етіп, «Нұрлы жолды» таңдаған Қазақстан дамуының символына айналды.

Еңселі Елордамызда талай рет әлемдік деңгейдегі саммиттер мен дүниежүзілік жиындар дүрілдеп өтті. Енді екі жылдан кейін ЭКСПО көрмесі өтпек. Бұл шара да – Астананың абыройын арттырып, мемлекетіміздің мерейін өсіретініні сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл жер шары айшықты Астана арқылы көркейген Қазақстанды да барынша тани түсуде.
Осы арада айрықша айта кету керек: «Астана» атауы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Біздің барлық қол жеткен жетістіктеріміздің бастауында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұр. Елі сүйген, елі сенген Елбасының ересен тұлғасы, көреген саясаты, данышпандық қабілет-қарымы бүкіл елімізді өркениеттің өріне қарай бастап келеді. Астананың өсіп-өркендеу қарқыны мен сән-салтанатының даму барысын да Президенттің өзі тікелей бақылап отырады. Бүгінгі таңда Астана – еліміздің жүрегі, тәуелсіздік тірегі! Әлемдегі шырайлы шаһарлардың бірі әрі бірегейі! Баршаның ортақ мақтанышы, келешектің сенімді кепілі!
Құрметті жерлестер!
Біздің басты бағытымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясы. Мақсат – бір, мүдде – ортақ. «Бірлік түбі – тірлік» деген. Ел ішінде ынтымақ та бар. Халықтар достығы да бекем. Қазір қарыштап дамып, алдынғы қатарлы 30 елдің сапына қосылуды көздеп отырмыз. Осы бағыттағы ісімізге асқақтаған Астана серпін берсін! Ел аман – жұрт тыныш болсын! Тәуелсіздік туы көкте желбіресін!
Астанадан бастау алған рух жалғастығы жігерімізді жанып, қайратымызды қанаттандырып, биік-биік белестерге бастай берсін, ағайын!
Баршаңызға жақсылық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке-бірлік тілеймін!
«Астана күні» құтты болсын!

Пікірлер қалдыруы жабылған.