Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаркентте Астана күнін атап өтті

IMG-20150706-WA0039Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттарының бастамасымен 2008 жылдың 25 маусымында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға ресми өзгерістер енгізілген болатын. Осы бір игі бастамадан кейін қазақстан халқы жыл сайын 6 шілде мемлекеттік мереке – Астана күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Айтулы мереке күні еліміздің барлық өңірлерінде бейбітшілік пен келісімге шақыратын көрмелер, концерттік бағдарламалар, театрландырылған көріністер және басқа түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, өткізіледі.

IMG-20150706-WA0040Мереке аясында ауданымыздың барлық елді мекендерінде мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, мереке қарсаңында Жаркент қаласында «Асқақтай бер, Астанам!» атты кітап көрмесі, әдеби-музыкалық композиция, суға жүзуден жарыс сияқты бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар бастау алған болатын.

Бүгін әсем безендірілген аудандық Мәдениет үйі ғимараты алдында жаркент жұртшлығы Астана күнін атап өтті. Мерекелік шараны ыстық ықыласқа толы құттықтауымен аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев ашып, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани орталығы болып табылатын Астана қаласының, «Мәңгілік ел» болуды мақсат етіп, «Нұрлы жолды» таңдаған Қазақстан дамуының символына айналғандығын ерекше атап өтті. Аудан әкімінің құтIMG-20150706-WA0043тықтауынан кейін Дәнеш Рақышев атындағы халық театры мен Жаркент көп салалы колледжі ұжымы «Арман қала – Астана» атты театрландырылған қойылым арқылы көрермендерге тарту етті.

 Іс-шара барысында жас велосипедшілердің Астана күні мерекесіне арналған велошеруі бастау алды.Сондай-ақ мерекеге жиналған жұртшылыққа аудандағы еңбек және оқу ұжымдарының, этномәдени орталықтардың өкілдері өздерінің мерекелік құттықтауларын жолдады. Аудандық Мәдениет үйінің әншілері мен бишілері әсем әндерімен, мың бұралған билерімен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.