Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
2015 жылғы 15 шілде күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бірінші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың депутаты, сессия төрағасы Сабырбаев Бақытжан Жұмағұлұлы ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы, ауданда ведомствоаралық комиссиялар құру туралы және басқа да мәселелер қаралды. Сессия барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Тілеуберген Жанғазыұлы Оспанов сөз сөйлеп, көтеріліп отырған мәселелер туралы қысқаша айтты. Сессияда қаралған барлық мәселелер туралы тиісті шешім қабылданды.