Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 884
  • Week Visit: 10  675
  • Month Visit: 48  558
  • Years Visit: 538  089
  • Total Page Views: 10

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру

IMG_1102«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын», Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Департаменті қызметінің негізгі бағыт-бағдарын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында 11 тамыз күні Панфилов ауданына жұмыс сапарымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Потанин Сергей Александрович келді.  Осы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Бердәулет ешенұлы абдулдаев кіріспе сөзбен ашып, жүргізді. Кездесуге аудан прокуроры, аудандық сот, аудандық ІІБ, әділет басақармасы басшысы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттар, әкімдер, мекеме, ұйым басшылары, мектеп директорлары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

IMG_1111«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы С.А.Потанин баяндама жасады. Одан кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Департаментінің Жаркент аймағы бойынша ауданаралық бөлім басшысы Мырзахметов Қайрат Жақсылықұлы «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жер қатынастары, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу салаларындағы заңнамалардың сақталуы туралы» тақырыпта хабарлама жасады. 

 Баяндама аяқталғаннан кейін кездесуге қатысып отырған Жаркент қаласының әкімі Е.Шоқпаров, Жаркент қаласIMG_1108ы әкімінің орынбасары Х.Ахметов, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Садықов, заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімшенің басшысы Ж.Есенова Департамент басшысы С.А.Потанинге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. 

Кездесуден кейін Департамент басшысы С.А.Потанин «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында жеке қабылдау өткізді.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.