Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 482
  • Week Visit: 9  066
  • Month Visit: 47  064
  • Years Visit: 539  566
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
 «Таң -Нұры» балабақшасы ашылды

Безымянный2Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен білім саласы үлкен табыстарға қол жеткізіп, «Балапан» бағдарламасы өмірге келген болатын. «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында әр аймақтарда жаңа шағын орталықтар бой көтеруде. Бағдарламаның негізгі мақсаты – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болыптабылады.

Бүгінгі таңда Қорғас ауылында 743 түтін болса, 0-6 жас аралығындағы бала саны – 165, оның ішінде 75 бүлдіршін балабақша жасындағы балалар санын құрап отыр.Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақтарына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектепке дейінгі балабақша шағын орталықтарының ашылуы қуантарлық жағдай.

Жазиралы Жаркент өңіріндегі көршілес Қытай Халық Республикасымен көршілес орналасқан Қорғас ауылында кішкентай балдырғандарға арналған 75 орынды «Таң-Нұры» шағын орталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев, Пенжім ауылдық округінің әкімі Е.Сқақов және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

БезымянныйАуыл тұрғындары атынан зейнеткер Сыдықова Ұятай сөз алып, өз ризашылықтарын білдіре отырып жиылған қауымға шашу шашты.

«Таң-Нұры» атты шағын орталығында бүлдірдің тынығып, жаттығуына жан-жақты жағдай жасалған.

Пікірлер қалдыруы жабылған.