Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 882
  • Week Visit: 10  673
  • Month Visit: 48  556
  • Years Visit: 538  087
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Еңбек күнін атап өтті

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Еңбек күні» мерекесі елімізде жыл сайын 28 қыркүйекте тойланатын болды.
Еңбек күні мерекесінің өзіндік ерекшелігі – күз мезгілінде әр салада атқарылған жұмыстың нәтижесін шығарып, саралау, тиісінше баға беру.
Аталған мерекенің басты мақсаты – мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасындағы жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әлеуметіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.
2015 жылдың 26 қыркүйегінде Жаркент қаласындағы орталық алаңда Еңбек күні мерекесі өтті. Мерекелік іс-шараға мекеме, ұйым басшылары, оқу және еңбек ұжымдарының мүшелері, қоғамдық ұйымдар қатысты.
Еңбек күні мерекесін құттықтау сөзбен аудан әкімі Абдулдаев Бердаулет Ешенұлы ашты.
Панфилов ауданы орталық аурухананың меңгерушісі А.Муртазаева өз сөзінде Еңбек күні мерекесін атап өтудің ерекшелігі туралы атап өтті. Сондай-ақ Жаркент қаржы-экономикалық колледжінің мұғалімі, Славян этно-мәдени орталығының мүшесі А.Макарова, Жаркент көпсалалы колледжінің 2 курс студенті Даулет Ақжарқын сөз сөйлеп, мерекеге жиналған аудан халқын құттықтады.
Шара барысында әртүрлі еңбек ұжымдарының өкілдері жұмыстағы жетістіктері үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаьымен марапатталды.
Шара соңы «Еңбек күні» мерекесіне арналған концерттік бағдарлама мен флешмобқа ұласты.

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.