Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 221
  • Week Visit: 8  805
  • Month Visit: 46  803
  • Years Visit: 539  305
  • Total Page Views: 5

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті

29 қыркүйек 2015 жылы аудан әкімі жанындағы Терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында 2015 жылға аудан әкімімен бекітілген және Алматы облысы әкімімен келісілген Терроризмге қарсы күрес комиссия Жоспарына сәйкес «Қытай Халық Республикасымен шекарасында және әскери қызметшілер арасында терроризм және діни экстремизмен күрес. Өзара қарым қатынас, әдістері және күрес жүргізу тәсілдері туралы» және «Бас бостандығынан айыру мекемелерден келгендердің дінге деген кзарасы, олардың радикалды діни идеологияға тартуға жол бермеу, алдын алу жұмыстарды жүргізу шаралары, оларды жұмыспен қамту туралы» мәселелері қаралды.
Комиссия отырысын төрағасы, аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлы ашып, комиссия жұмысының және отырыста қаралатын мәселелердің маңыздылығын айтып өтті. Комиссия отырысына мүшелері, Жаркент қаласының, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бірінші мәселе бойынша ақпаратты №2091 әскери бөлімінің командирі, полковник – Жұмахметов Арман Орақұлы және №2088 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, подполковник – Болатов Асқар Елеусізұлы баяндады. Екінші мәселе бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары, подполковник – Құттығұлов Қайрат Қуантайұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің аудандық бөлімінің аға жедел уәкілі, капитан – Дүкенбеков Арман Алтыбекұлы, аудандық қылмыстық атқару нспекциясының инспекторы, әділет аға лейтенанты – Аубакиров Асқарбек Тоқанұлы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Жақыбай Азат Жапарұлы баяндады.
Комиссия отырысындағы қаралған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері және баяндамашылары пірік алмасып, Қытай Халық Республикасымен шекарада туындап жатқан мәселер, бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келген азаматтар арасындағы дәстүрлі емес дінге кірмеуге алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және жақын уақытта атқарылатын жұмыстарды жоспарлау туралы мәселелерді талқылады.
Аудан әкімі Б.Абдулдаев комиссия отырысын қорытындылап, комиссия мүшелеріне және баяндамашыларға ауданымызда терроризм және діни экстремизммен күресу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер қалдыруы жабылған.