Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  382
  • Week Visit: 14  049
  • Month Visit: 67  734
  • Years Visit: 490  222
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Құрғақ порт» айлағындағы ауқымды іс

 

Облыс әкімі Амандық Баталов өзінің Жаркент өңіріне келген іссапарын «Алтынкөл» теміржол бекетінен бастады. Бекет жанында салына бастаған «Құрғақ порт», Логистикалық және Индустриялық орталықтар құрылысымен танысты. Сапар барысында облыс әкімімен «Қазақстан теміржолы» АҚ президенті Асқар Мамин, Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев, теміржол мен құрылыс компанияларының жауапты мамандары бірге болды.

Облыс әкімі теміржолшыларға арналып салынған Нұркент қалашығының өсу бағытымен танысты. Қалашық іргесінен 500 гектар жер бөлініп, «Қорғас-шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймаққа қоныстанушыларға тұрғын үйлер салынбақшы. Жиында осы тұрғын үй кешенінің бас жобасы таныстырылды. Кеңесте «Khorgos Gateway» ЖШС бас директоры Карл Гейсен сөз сөйлеп, «Құрғақ порт» жұмысы бұдан әрі жанданып, жүк тасымалы қарқындай беретінін жеткізді.

«Қорғас-шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының құрылыс басындағы сапарын аяқтаған соң, облыс әкімі аудан халқының басқа да тіршілік тынысымен танысты.

Мырзағали Нұрсейіт

Пікірлер қалдыруы жабылған.