Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  382
  • Week Visit: 14  049
  • Month Visit: 67  734
  • Years Visit: 490  222
  • Total Page Views: 7

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бақыттың балқаймағы – бата

Қазанның 13 жұлдызы күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өткен осындай игілікті шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық ардагерлер кеңесі ұйытқы болды. Жаркент қаласы мен ауылдық округтер бойынша «Батагөй» байқауының іріктеу сынына елге сыйлы, көпке қадірлі 11 ақсақал қатысып, бақтарын сынады.

Байқауға қатысқан ақсақалдарымыз бен қарияларымыз бата мен тілектің түр-түрін түрлендіре айтып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Жүйріктен жүйрік озар демекші қарттарымыздың арасынан Шолақай ауылынан келген Бердіқожақажы Жанаманов, Қоңырөлеңдік Қалибек Қайдар, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының директоры Шәріпханқажы Нұржанұлы берген ақ баталар – домбыраның күмбір қаққан сазындай биязылығымен, көркем де кестелі сөздерімен көпшіліктің көңілін баурап-ақ алды.

Іріктеу байқауының қорытындысы бойынша «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының директоры Шәріпханқажы Тұрғанов «Батагөй» облыстық байқауына берілген жалғыз жолдаманы жеңіп алды.

Жеңімпаз бен байқауға қатысып, бақтарын сынаған батагөй ақсақалдардың барлығына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары салтанатты жағдайда табыс етілді.

Құсайын Бейсебай

Пікірлер қалдыруы жабылған.