Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 892
  • Week Visit: 10  683
  • Month Visit: 48  566
  • Years Visit: 538  097
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру

Сіздерге ұсынатын келесі қызметіміз «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» жайлы болмақ. Жер кадастры дегеніміз не? Ол ақпарат бізге не береді? Кадастрлы ақпаратты қайдан және қалай алуға болады? деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау жер учаскесінің кадастрлық дерегін береді, яғни мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер жүйесін – жер кадастры деп атаймыз.

Ол үшін өзіңізге жақын орналасқан ХҚКО – ға қызмет алушы жеке басын куәландыратын құжатымен келіп, нысан бойынша өтініш жазу керек.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
Мемлекеттік қызмет тегін және «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
Сондай – ақ бұл қызметті электронды сандық қолтаңбаңыз болса, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» порталы арқылы да жүзеге асыруға болады. Электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарыңыз болса жергілікті жердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе бірыңғай байланыс орталығы: 1414 телефоны арқылы тегін анықтама ала аласыз.

Панфилов ауданының бөлімінің

Инспекторы А.С. Моданов

Пікірлер қалдыруы жабылған.