Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  382
  • Week Visit: 14  049
  • Month Visit: 67  734
  • Years Visit: 490  222
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Мобильдік ХҚКО ауыл тұрғындарына көмекке келуде

     Шалғай елді-мекендерде тұратын тұрғындар, өз елді-мекендерінен шықпастан, белсенді түрде ХҚКО-ның қызметтерін пайдалануда.

     Алматы облысы бойынша Еңбекші, Панфилов, Талғар, Іле, Жамбыл аудандарында мобильдік ХҚКО қызмет атқаруда. Жыл басынан бері 9 ай ішінде Мобильдік ХҚКО арқылы 24680 құжат қабылданып, 23702 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

   Алматы облысының Мобильдік ХҚКО-ры кез –келген жолды жүріп өтуге қабілетті 5 автокөлікпен жабдықталған. Әрбір ауылдық округке мамандар бірнеше реттен барады. Алдымен құжаттарды қабылдау, одан кейін дайын құжаттарды беру үшін. Қызметтің  келуі жөніндегі ақпаратты алдын-ала әкімшіліктен, аудандық әкімшіліктің сайтынан немесе газеттегі және автобустағы жарнамалар арқылы білуге болады. Соңғысын ХҚКО жақында тәжірибеге алып отыр және ол халықты көбірек ақпараттандыру үшін жасалып отыр.

 Қазіргі таңда Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет жасайтынын атап кетейік.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың басынан бастап мобильдік ХҚКО шалғай елді –мекендерге  10 мыңнан астам (10 124) шығуларды жүзеге асырған және 310 969 қызмет көрсетілген.   

Панфилов аудандық бөлімінің басшысы Джартыбаев Қаныбек Абишевич

Пікірлер қалдыруы жабылған.