Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  377
  • Week Visit: 14  044
  • Month Visit: 67  729
  • Years Visit: 490  217
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Тағдыр тауқыметіне түсіп түрлі қиыншылықтарды бастан өткізіп жүрген азаматтар қаншама. Бұл азаматтар мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарына жататынына қарамастан өмірге құштар, кез-келген қиыншылыққа төтеп беретін қайсар жандар.

Осы орайда 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі немесе өз күшімен халыққа қызмет көрсету орталығына келе алмайтындар мен ҰОС ардагерлеріне үйде мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі туды. Аталмыш санаттағы азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлеріне тапсырыс бере алады.

Ол үшін тек тұтынушыларға ұялы байланыс немесе үй телефоны арқыла 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруға болады. Тапсырыс түскен уақыттан бастап 10 минут ішінде тіркеліп, ХҚКО мобильді тобы үйде өтінішті қабылдау мақсатында 72 сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ал орталыққа өз бетімен келе алатын мүгедектерге де жан-жақты жағдайлар жасалған. ХҚКО-ның ғимараттарының кіреберісінде арнайы шақыру батырмасы орналастырылған. Оны басу арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтар орталық қызметкерлері тарапынан ғимаратқа кіруге көмек алады.

Осы бағытта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ХҚКО-ның арнайы бөлінген қызметкеркері ауданның мүмкіндігі шектеулі азаматтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Толық ақпаратты www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы Мухаметжанова Айнур

Пікірлер қалдыруы жабылған.