Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Оралман мәртебесін беру

    Оралман дегеніміз – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.

     Басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп- келушілерге оралман мәртебесі беріледі. Бұл мемлекеттік қызмет түрін кез келген ХҚКО-нан ала алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі: Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға (алушыларға) оралман куәлігін (куәліктерін) беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) өмірбаян (еркін нысанда);

3) көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттар, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктері және т.б. (қазақ ұлтына жататынын растай отырып). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатында қазақ ұлтына жататыны туралы ақпарат болмаған жағдайда, оларға көрсетілетін қызметті алушының және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің тұрақты тұру мақсатында тарихи отаны Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге орналастырылған және Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерлерде тұрақты тұрған, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерлерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларының этникалық қазақтарға жатқызылғанын растайтын құжаттар беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының басқа облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органында тіркелгенін анықтаған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына құжаттарын ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы Оразқан Гүлнұр

Пікірлер қалдыруы жабылған.