Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 1  455
  • Week Visit: 27  695
  • Month Visit: 151  996
  • Years Visit: 804  313
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қазақстандықтар БҒМ қызметтерін ХҚКО-да ала алады

 «Жетім-балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу» және «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім-баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы баламалы негізде көрсетілетін қызметтер құрамына кіреді.

ХҚКО-да осы қызметтерді енгізудің арқасында клиенттердің: қызметті көрсетілетін қызметті көрсетушінің кеңсесі, ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы алуды таңдау мүмкіндігі бар. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді түскі үзіліссіз таңертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін алуға болады. Ал ЭЦҚ болса, қызметтерге электрондық үкімет порталында тіпті тәулік бойы тапсырыс беруге болады.

Қызметтің екеуі де тегін көрсетіледі. Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу күнтізбелік 30 күнде қарастырылса, жәрдемақы тағайындау – 10 жұмыс күнін алады. Бұл ретте ХҚКО-ға жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейтіндігін ұмытпаған жөн.

Көрсетілетін қызметтіберуші және ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған құжаттар тізбесі бірдей. Ал қызметке порталда тапсырыс беру үшін құжаттар электрондық форматта болуы керек.

Айта кетейік,ХҚКО-да құжаттарды қабылдау электрондық кезек арқылы, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жүргізіледі, сондай-ақкезекті электрондық үкімет порталында броньдауға болады.

Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы Тоқтарбай Ерасыл

Пікірлер қалдыруы жабылған.