Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 27
  • Week Visit: 13  459
  • Month Visit: 54  886
  • Years Visit: 420  204
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қандай құжаттарға апостиль қойылатынын тұрғындар назарына ұсынамыз

Бұл қызмет түрін ХҚКО арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асыра аласыз

«апостиль» сөзі – құжаттың заңдылығы туралы мәліметтерді толтырудың халықаралық стандартталынған нысаны болып табылады.

«Апостиль» мөртаңбасы тек қана мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқаларына қойылады. Апостиль 1961 жылы Гаагс конвенциясында қабылданды. Бұл мөртаңба өзге де құжаттарды растауды немесе құжаттарды заңдастыруды қажет етпейді және барлық мемлекеттің – Конвенция қатысушыларының ресми органы болып табылады.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатынан және шетелге жіберетін мұрағаттық шығыс құжаттарының көшірмесін және мұрағаттық анықтамаларды апостильге қою» қызметі ақпараттық Комитеті және мұрағаттар Министрлігі көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру:
1) қызмет берушілер

2) ХҚКО

3) немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб – порталы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар қызмет берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап және портал арқылы 3 жұмыс күн ішінде дайын болады, ал егер ХҚКО арқылы тапсырылса, онда құжаттардың дайындығы 20 күнтізбелік күнге дейін созылады.
ХҚКО-ға жолыққан кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
– қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;
– нысан бойынша толтырылған өтініш;
– мұрағаттық анықтама және (немесе) мемлекеттік мұрағат берген ілеспе хатпен, апостиль мөртаңбасы қойылған мемлекеттік мұрағат берген, мұрағаттық құжаттардың көшірмесі;
– мемлекеттік баж салығын төлегенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі, ай сайынғы есептік көрсеткіштерінен 50 % бюджетке мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

 Панфилов аудандық «ХҚКО» РМК-ның бөлімінің жинақтау секторының жетекші инспекторы К.Н.Джуманова

Пікірлер қалдыруы жабылған.