Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ұлт болашағына төнген қауіпті құбылыспен қоғам болып күресейік

23 қарашада Үленшыған ауылдық округіне қарасты Қырыққұдық ауылдық кітапханасында әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы халықаралық күрес күніне орай «Әйел бақытының кілті – отбасында» атты дөңгелек үстел басында кездесу өтті. Бұл іс-шараға кітапхана оқырмандары, ауыл тұрғындарымен бірге арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

«Өз құқыңды білесің бе?» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Әйелдерге қатысты зорлықты бірігіп тоқтатайық» және «Өзің оқы өзгемен бөліс» дәйекті сөзге кітап, баспасөз материалдары қойылып, оқырмандарға пайдалануға берілді. Аудандық емхана психологы Құралай Мұратханқызы Қожабаева осы тақырып жайында айта келе қонақтармен тренинг өткізді және кең түрде мағлұмат берді. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы Изимова Дильназ Полатқызы Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» Заңы турасында айтып өтті. Үлкеншыған округ әкімінің орынбасары Баратова Реханбуви Хакимжанқызы өз сөзінде осындай тұрмыстық жағдайда қиыншылық көріп жүрген отбасыларының бар екендігін және олармен түсінік жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтып өтті. Осы арада кітапханашылар мен мәдениет қызметкерлері жерлесіміз жазушы Дархан Бейсенбекұлының «Періште тілегі» әңгімесінен көрініс көрсетіп, қонақтарға үлкен ой салды.

Келесі сөз ақсақалдар алқасының төрағасы Ахмет Баймолдаға берілді. Өткізілген іс-шараға оң бағасын бере отырып, психолог маманға көмекші құрал ретіндегі парақшаларын халыққа таратуын өтінді.

Мәдениет үйінің меңгерушісі Қонашев Еркебұлан терме орындап, отырғандарды бір серпілтіп тастады.

Кітапхананың тұрақты оқырманы-зейнеткер Темірхан Нұрғисаев сөз сөйлеп, жиналған көпшілікпен өз ойын бөлісті.

Ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Арзыгүл Илиева осы іс-шараны кең көлемде насихаттауды айтып өтті. Кітапханашы Ақыбаева Бақытгүл Құсайынқызы кітап көрмесіне библиографиялық дайджест жасады.

 Ұ.Алтыбасарова – Қырыққұдық ауылының кітапханашысы

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.