Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 418
  • Week Visit: 11  812
  • Month Visit: 39  841
  • Years Visit: 564  997
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Болашақ жүргізушілер мамандырылған ХҚКО-да практикалық емтихан алды даярлықтан өте алады

 Соңғы уақытта жол жүру барысында орын алатын сәтсіз оқиғаларға көлік жүргізушісінің тәжірибесіздігі мен ұқыпсыздығы, немқұрайлығы себеп болуда. Сондықтан мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, көлік жүргізу емтиханынан сүрінбей өту үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. Атап айтсақ Талдықорған қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да болашақ жүргізушілерге практикалық емтиханғаға айтарлықтай дайын болу үшін, емтихан алды даярлықтан күнделікті және жексенбі күндерінде      өтуге болады.
Жеке тұлғалар үшін төлемақы мөлшері сағатына жеңіл көлік -1500; жүк көлігі үшін – 1400; теңге көлемінде.

Автоматтандырылған электрондық алаңда практикалық емтихан тапсыру үшін, тұтынушы оқыту күніне 2 күн қалғанда мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуі және шарт жасасуы тиіс. Сонымен қатар азаматтың жеке куәлігі ғана болса жеткілікті.

«ХҚКО» РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры Самат Иманғалиевтың айтуынша, мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсыру толықтай автоматтандырылған. Автомобильде бақылау және көлік құралын басқару дағдыларын бағалаудың электрондық жүйесі орнатылған, бұл емтиханнан өту кезеңдерін тіркейді және автоматты түрде баға беріп отырады.  Осылайша, практикалық емтихан тапсыру кезінде адами факторға толығымен жол берілмейді-дейді Самат Иманғалиев

Сонымен қатар, халыққа қолайлы болу үшін мамандандырылған ХҚКО-да психиатриялық және наркологиялық диспансерлердің дәрігерлері жұмыс жасауда және шоферлік комиссия іске қосылған яғни ХҚКО жүгінуші азаматтардың «083У» анықтамасын алуға мүмкіндігі бар.

Мамандандырылған ХҚКО-лар жүргізуші куәліктерін беру, автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу қызметтерін аптасына 6 күн дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 20.00-ге дейін үздіксіз көрсетеді.

ХҚКО РМК-ның панфилов аудандық бөлімінің инспекторы Р.Ашимов

Пікірлер қалдыруы жабылған.