Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 412
  • Week Visit: 11  806
  • Month Visit: 39  835
  • Years Visit: 564  991
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Есту қабілеті төмен жандар ХҚКО-да кедергісіз қызмет ала алады

Мемлекет басшысы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауанда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан балатын. Ең бастысы олар да өздерің қоғамның толық қанды мүшесі екендігін сезіну керек, сонымен қатар есту қабілеті төмен жандардың қоғам өміріне белсенді араласып, әлеуметтік тұрғыдан алғанда жақсы сезінуге ықпал ету. Есту қабілеті төмен жандардың өмір сүру сапасын арттыру және құқықтарын қамтамасыз ету, олардың арасында жақсы орта қалыптастырып, көпшілікпен етене жақын араласуына жағдай тудыру болып саналады.

Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері есту қабілеті төмен жандарға кедергісіз қызмет алуына мүмкіндік тудыру үшін арнайы сурдоаудармашы курстарынан өтті.

– Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталығы қала және ауданның 66 қызметкерлері сурдоаудармашы курсын өткендігі туралы сертификаттарға ие болды. Бір ай ішінде кәсіби педагогтардан олар ымдау көмегімен «электрондық анықтама», «электрондық кезек», «дайын құжат», «электрондық цифралық қолтаңба» және т.б. сөздерді көрсетуді үйренді. Осыған дейін инспекторлар орталыққа келген есту қабілеті нашар жандарға қызмет көрсеткенде түсіндіре алмай ыңғай­сызданса, енді мұндай қиындық жоқ. Саңырау жандар да кедергісіз қызмет ала алады.

«ХҚКО» РМК Алматы облысы бойынша филиалының директоры Самат Сайлаубекұлының айтуынша, Алматы облысының барлық ХҚКО-ларда – мүгедек жандарға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет алу жөнінде кеңес беріп, сондай-ақ, «e-Gov» порта­лымен, электронды сандық қолтаңбаны көрсетіп, салық, айыппұл, баланы бала­бақша кезегіне қою, мекен-жай анық­тамасын, мүгедектігін растау анықта­маларын алу секілді қызметтерді сурдоаударма тәсілдерін меңгерген инспекторлар жұмыс істейді.

ХҚКО РМК-ның Панфилов аудандық бөлімінің реттеу зал басшысының орынбасары М. Карбаев

Пікірлер қалдыруы жабылған.