Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 895
  • Week Visit: 10  686
  • Month Visit: 48  569
  • Years Visit: 538  100
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру»

 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» жөніндегі мемлекеттік қызметті ХҚКО-тары арқылы, сондай-ақ www.egov.kz порталы арқылы көрсетіледі.              

     Қазіргі танда әрбір адам өзінің зейнетақы жинақтары үшін өз еңбекақысынан 10% Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ)аударады. «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңдағы соңғы өзгертулерге сәйкес белгілі бір мамандықтар үшін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушінің есебінен 5% мөлшерде міндетті кәсіби зейнетақы аударымдары қосымша аударылатын болады. Яғни зейнетақы жинақтарына үстеме 5% салымшының жалақысынан емес, осы үшін жұмыс беруші компанияның бюджетінен жүргізіледі.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларын зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабардар ету салымшы таңдаған тәсілге сәйкес жүзеге асырылады:

-Электрондық үкімет порталында онлайн-көшірме алу;

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне жеке жүгінуге болады

-Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (ХҚКО);

     Мемлекеттік қызметті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 минуттан аспайтын уақыт ішінде тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушы немесе заңды өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін орталыққа: өтініш; қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші адамдар білдірген кезде-нотариат куәландырған сенімхат; өсиетте көрсетілген адамдар үшін –өсиет ; нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер үшін – мұрагерлік іс, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі; соттар үшін – олардың өндірісінде жатқан істер бойынша ұйғарым ұсынылады.

-БЖЗҚ сайты арқылы https://cabinet.enpf.kz (Интернет-көшірме), пайдаланушының тағайындалған логинін және паролін енгізу. Аталмыш тәсіл салымшымен (алушымен) келісімде анықталуы тиіс.

       Соңғы нұсқа салымшылар үшін неғұрлым қолайлы, себебі қажеттілік дәрежесі бойынша өз зейнетақы жинақтарын тексеруге мүмкіндік береді. Ақпараттың осы түрін алу үшін салымшыға БЖЗҚ кеңсесіне бір рет барып, логин және пароль  алу қажет.

     Сонымен қатар, алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.

Ал порталда, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы арқылы жүзеге асырылады. Егер аталған мемлекеттік қызмет бойынша мәлімет қажет болған жағдайда, ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының1414 телефоны бойынша алуға болады

А.Моданов, «ХҚКО» РМК-ның Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы

Пікірлер қалдыруы жабылған.