Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 238
  • Week Visit: 8  822
  • Month Visit: 46  820
  • Years Visit: 539  322
  • Total Page Views: 2

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру»

Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған туризм саласы тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.                

       Келесі ұсынатың қызметіміз «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру».
Бұл қызметті қолдану үшін келесі құжаттар топтамасымен орталыққа келіп өтініш жазу қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін — заңды тұлға ретінде мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік; дара кәсіпкер үшін — дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік.
2) заңды тұлға үшін — жарғының көшірмесі;
3) заңды тұлғаның салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) біліктілік талаптарына сәйкес: қалыптастырылған туристік өнімнің және қалыптастырылған туристік өнімге кіретін, жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге үшінші (екі немесе одан көп) тұлғалармен жасасқан шарттардың мәліметі; туристік ваучер (жолдама) үлгісінің; туристік білімі және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір қызметкердің; кеңсе үшін меншікті немесе жалға алынған үй-жайдың; туристік өнімге кіретін туризм инструкторы көрсететін қызметті, жол жүру, қонақ үйде тұру жөніндегі қызметтерді туроператор дербес көрсеткен жағдайда меншікті немесе жалға алынған материалдық базаның; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес туристік қызмет көрсетуге жасалған шарт жобасының; туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының мәліметтері мен құжаттары;
Осы құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде ақылы түрде (10 АЕҚ) лицензияны алып, өз ісіңізді бастауыңызға жол ашық дейміз.
Сондай-ақ, аталған қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қызмет туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, біріңғай байланыс орталығының 1414 телефонына хабарласуға болады.

А.Карибаева, «ХҚКО» РМК-ның Панфилов аудандық бөлімінің инспекторы

Пікірлер қалдыруы жабылған.