Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 28
  • Week Visit: 13  460
  • Month Visit: 54  887
  • Years Visit: 420  205
  • Total Page Views: 4

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы қомақты жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ аудандағы кәсіпкерлерге лизингке ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуда, несие алуда, күнделікті өмірде кезедесетін және басқа мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беріп отырады. 

5 қыркүйек күні Панфилов аудандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ш.Курбанов, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Байгутиев А., аумақтық және аудандық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшелері қатысты. Сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкінің жобалары бойынша кәсіпкерлер шақырылды.

Отырысты Алматы облысы аумақтық кәсіпкерлер палатасының төрағасы, Алматы облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Р.А.Салықова ашып, жүргізді. Күн тәртібінде  аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасын, хатшысын сайлау, кестесін бекіту, сонымен қатар кеңес мүшелерін комиттер мен комиссияға бөлу мәселелері қаралды. Отырыс барысында қатысушыларды  Еуропа қайта құру және даму банкі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасымен таныстырып өтті.

Пікірлер қалдыруы жабылған.