Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 493
  • Week Visit: 9  077
  • Month Visit: 47  075
  • Years Visit: 539  577
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің Стандарты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2015 жылғы 28 сәуірдегі  
 № 3-2/378 бұйрығымен, Регламенті Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 415 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут, күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут, қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға:

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

Порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады. Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, порталға – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Жаркент қаласы тұрғындары осы қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 22 мекенжайда орналасқан Панфилов ауданы ауыл шаруашылығы бөліміне немесе 51148 байланыс телефоны арқылы, ауылдық округ тұрғындары тиісті ауылдық округ әкімі аппаратына хабарласуға болады.

Панфилов ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Т.Шабеков

Пікірлер қалдыруы жабылған.