Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 494
  • Week Visit: 9  078
  • Month Visit: 47  076
  • Years Visit: 539  578
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметнің стандарты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген, регламенті Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 415 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Панфилов ауданы бойынша «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және қызметтің нәтижесін беру баламалы түрде Көрсетілетін қызметті берушінің, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың кеңселері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда жиырма төрт жұмыс күні,  Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандарттағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;

      2) Мемлекеттік корпорацияға – стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;

      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;

 Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация  асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде   асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге, тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге,  асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға, отандық және шетелдік асыл тұқымдық зауыттардан және шаруашылықтардан асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, шошқаларды, түйелерді, маралдарды (бұғыларды) сатып алуға,  отандық және шетелдік асыл тұқымдық репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқасын сатып алуға,   жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға,  шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге,  асыл тұқымдық орталықтар мен асыл тұқымды жануарлардың ұрығын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі – дистрибьютерлік орталық) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына қолдан ұрықтандыру жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі шығындарын 50 %-ға дейін өтеуге өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап 12 айдан аспаған кезде, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға, оның ішінде:   бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізуге, сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн (қозы етін), түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру құнын арзандатуға, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап үш айдан аспаған кезде субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдайды.

             Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Көрсетілетін қызметті алушыға – өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

            Осы қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 22 мекенжайға «Панфилов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне немесе 51148 байланыс телефонына хабарласуға болады.

Панфилов ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Т.Шабеков

Пікірлер қалдыруы жабылған.