Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 3

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 Камералдық бақылаудың тәртібі мен ерекшеліктері

Қазіргі уақытта салық әкімшілігін жүргізу саласындағы басымдылық бағыттарының бірі ретінде салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын камералдық бақылау болып табылады.

Салық  органдарының қызметтері арасында бюджетке түсетін төлемдердің қосымша қорларын айқындауға мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттарының бірі ретінде камералды бақылау болып танылады.

Камералдық бақылаудың ерекшелігі салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушiге отыз жұмыс күні ішінде дербес жоюға құқылы.    Бақылаудың бұл түріне ҚР Салық Кодексінің (әрі қарай Кодекс) 584-587 баптарында түсініктеме берілген және жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.

Кодексітің 587 бабының 1 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекелдерді басқару жүйесімен қолданып өзгешелігі мен мөлшеріне байланысты сараланады.

–   Жоғары дәрежедегі тәуекелі бұзушылықтар анықталған салық төлеушілерге хабарлама жіберіледі;

–   Орташа  дәрежедегі тәуекелі бұзушылықтар анықталған салық төлеушілерге хабарлау қағазы жіберіледі, оны орындау міндетті емес;

–   шамалы дәрежедегі тәуекелі бұзушылықтар анықталған салық төлеушілерге хабарламалар жіберілмейді. 

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады. Қосымша салық декларациясының сәйкес тармағында ертеректе тапсырылған декларациядағы көрсеткіштермен бақылау нәтижесінде тек қана айқындалған соммасы арасындағы айырмшылықты  көрсетеді. Уәкілетті орган бұйрығымен бекітілген салық есептілігін жүргізу қағидасына сәйкес алынған хабарлама негізінде салық есептілігіндегі мәліметтерді өзгертуге және толықтыру үшін салық төлеуші «Қосымша» және «Хабарлама бойынша» міндетті түрде «Хабарламаның нөмірі мен күні» жолдары толтырылған қосымша салық есептілігін тапсыру қажет.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші  камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Сонымен қатар салық төлеуші түсініктемемен қосымша салық қызмет органдарына салық есептілігндегі мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсына алады. Және де хабарламаны орындау мақсатында енгізілген жаңалық мемлекеттік кірістер мекемесінің лауазымды тұлғасының хабарлама жіберу бойынша әрекет етуіне (етпеуіне) шағымдану.

Салық органы жіберген хабарламаға жауап бермеген салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады, сонымен қатар салықтық тексеруден өтуге кеңес берілген салық төлеушілер тізіміне енгізіледі.

Атап өту керек, әрбір салық төлеуші салық есептерінде дұрыс және де берілген мәліметтеріне толықтылығына жауапты.

Панфилов ауданы бойынша  МКБ

Бас маманы    Е.Мажибаев 

Пікірлер қалдыруы жабылған.