Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 236
  • Week Visit: 8  820
  • Month Visit: 46  818
  • Years Visit: 539  320
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Еңбек рыногының негізгі индикаторлары

Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.

Жұмыс күші – тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшінің ұсыныстарын қамтамасыз ететін, жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Жұмыс күшінің санына экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді.

Халық санындағы жұмыс күші үлесі – 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санындағы жұмыс күші санының пайызбен өлшенген үлесі.  

Жұмыспен қамтылған халық – әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай:

а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер»

ә) «өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкер»

санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық  адамдар.

Тексеру аптасында демалыста (еңбек, жалақы сақтауынсыз, жүктілігіне немесе бала күтіміне байланысты) немесе науқастанған тұлға жұмыспен қамтылған деп саналады, себебі ол өз жұмысына ресми тіркелген.

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі – экономикада жұмыспен қамтылғандар санының пайызбен өлшенген15 және одан жоғары жастағы немесе экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы санындағы үлесі.

Жалдамалы қызметкерлер  – еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т.с.с. немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

Өз бетінше жұмыспен қамтылу – бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа  байланысты жұмыспен қамтылу.

Айналысатын жұмыстағы орны (жұмыспен қамтылу статусы) жөніндегі халықаралық сыныптамаға сәйкес өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің мынадай топтары анықталған:

Жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер – өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктеспен жұмыс істейтін, өз бетінше жұмыспен қамтылу негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.

Отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері – туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.

Кооператив мүшелері – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, еңбек кооперативінің мүшесі болып табылатын адамдар.

Жұмыссыздар – халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралатын кезеңде:

а) жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);

ә) оны іздеумен белсенді айналысқан;

б) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар.

Аудандық статистика басқарма басшысы Б.ҚАСЕНОВА

Пікірлер қалдыруы жабылған.