Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 236
  • Week Visit: 8  820
  • Month Visit: 46  818
  • Years Visit: 539  320
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

  Табыстар мен шегерімдерді түзету

Түзету – осы Кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

  1. Егер осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:

1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;

2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;

3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;

4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;

5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;

6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда;

7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаттарында ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде айқындалған, осындай келісімшарт бойынша табыстардан асып түскен жағдайда түзетуге жатады. Бұл ретте түзету табысты осындай асып түсу мөлшерінде азайту арқылы жүргізіледі.

  1. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор: аңды тұлғадан: дара кәсіпкерден;

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.  Осы тармақта көзделген табысты түзету:

1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;

2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.

Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:

1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;

2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.  Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

3)Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.

4)Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

    Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.

     Панфилов ауданы бойынша  МКБ

Бас маманы    А.Турлыбекова   

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.