Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 480
  • Week Visit: 9  064
  • Month Visit: 47  062
  • Years Visit: 539  564
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

                                           Залал ұғымы

Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп:

1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;

2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.

  1. Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:

1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма;

2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма болып табылады.

  1. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады.

Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.

Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 137-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен ауыстырылады.

Хеджирлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес есепке алынады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залал осындай активтерді өткiзу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.
  2. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.

  Панфилов ауданы бойынша  МКБ

       Бас маманы    А.Турлыбекова   

          

Пікірлер қалдыруы жабылған.