Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 488
  • Week Visit: 9  072
  • Month Visit: 47  070
  • Years Visit: 539  572
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

                 Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері

1. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.

2. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар жатады:

1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;

3) бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.

3. Хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп-тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерден тұрады:

1) салық төлеушінің атауы, сәйкестендіру нөмірі және қызмет түрі;

2) зерттеп-тексеруді жүргізу күні;

3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жері;

4) хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақыты;

5) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

6) зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректері;

7) зерттеп-тексеру нәтижелері;

8) басқа да деректерді қамтиды.

4. Күнделікті зерттеп-тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп-тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

5. Хронометраждық-бақылау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-тексеру актісін қоса береді.

Хронометраждық-бақылау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп-тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.

6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп-тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке алатындығы ескеріледі.

                                                                                       Панфилов ауданы бойынша

                                                                                       мемлекеттік кірістер басқармасыны

                                                                                        бас маман Ж. Гизатов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған