Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 891
  • Week Visit: 10  682
  • Month Visit: 48  565
  • Years Visit: 538  096
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

 Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (СК 614-бап)

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) Салық Кодексінiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

Салық міндеттемелерін орындау Салық Кодексінiң 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады. Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.

Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары:

1) салық төлеушiде (салық агентiнде) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi болған кезде – осындай берешек пайда болған күннен бастап;

2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;

3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап қолданылмайды;

4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап;

5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуі – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлар шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша салық берешегіне қатысты қолданылмайды.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлiмше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолданғаннан кейiн оның құрылымдық бөлiмшесiнiң салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiне бір мезгiлде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мәжбүрлеп өндiрiп алу шарасын қолданады.

Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бөлім басшысы

   Сабитов С.

Пікірлер қалдыруы жабылған.