Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 227
  • Week Visit: 8  811
  • Month Visit: 46  809
  • Years Visit: 539  311
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан

өндіріп алу

Салық Кодексінің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) берешегі бар үшінші бір тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеуші (салық агенті) он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін және олар болған жағдайда – дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге міндетті.

Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы Салық Кодексінің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтер табыс етілген жағдайда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргiзедi. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

Ұсынылған дебиторлар тізімінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алуы туралы хабарлама жібереді.

Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлама жіберуші салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін табыс етуге міндетті.

Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.

Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісі және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін ұсынбайды.

Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеген жағдайда дебиторлар тізімі немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісі ұсынылмайды.

Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:

1) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;

2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;

3) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;

4) дебитордың салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;

5) салық төлеушiнің (салық агентінің) және оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары;

6) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.

Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.

Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi (салық агенті) салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.

 Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы Салық Кодексінің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бөлім басшысы

Сабитов С.

Пікірлер қалдыруы жабылған.