Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 238
  • Week Visit: 8  822
  • Month Visit: 46  820
  • Years Visit: 539  322
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегінің сомасын Салық Кодексінің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банк шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.

Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомаларын өндіріп алуы жүргізілетін сол банк шотын көрсетуді қамтиды.

Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассалық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) теңгемен жүргізілетін банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу салық төлеушінің (салық агентінің) шетел валютасымен жүргізілетін банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкімдері негізінде жүргізіледі.

Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, клиентке бірнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуіне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу шотына клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бөлім басшысы

   Сабитов С.

Пікірлер қалдыруы жабылған.