Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 481
  • Week Visit: 9  065
  • Month Visit: 47  063
  • Years Visit: 539  565
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру тәртібіне енгізілген өзгерістер

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт жоспары – 100 нақты қадам институционалдық 5 реформаны жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 1 мамырынан бастап қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) тіркеу есебіне тұру тәртібі оңайлатылған.

        2017 жылдың 1 мамырынан бастап қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) тіркеу есебіне тұруға мынадай тәсілдердің бірімен:

1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру арқылы;

2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіру тәртібі таратылды. Алайда, өзгерістерді енгізгенге дейін, енгізгеннен кейін өзге де жағдайларға қарамастан, салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызмет атқарып жатқан бейрезиденттің бірінші басшысымен, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша беріледі және жоғарыда айтылған салықтық өтінішті салық төлеушінің өкілетті тұлғаның сенімхатпен ұсынуы көзделмеген.

        Бұдан әрі, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 568 бабының 6 тармағына сәйкес, келесі басылымда көрсетілгендей: Салық кодексінің 568 бабының 1 тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берген күннен бастап қосылған құн салығын (бұдан әрі-ҚҚС) төлеуші болып табылады. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

         2017 жылдың 1 мамырынан бастап Салық кодексінің 569 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою –  Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 568 бабының 7 тармағы, яғни салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын нотариат күәландырған құжат көшірмесін беру тәртібі таратылды.
         Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 569 бабының 3 және 4 тармақтары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тарту туралы шешімі таратылған.

          Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 571 бабының 4 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, тіркеу есебіне қою уақытында жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғада айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі жағдайда, осы баптың 4 тармағы 7 тармақшасы таратылды.


Панфилов ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы А. Қасымханова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған