Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 220
  • Week Visit: 8  804
  • Month Visit: 46  802
  • Years Visit: 539  304
  • Total Page Views: 1

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

          Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу оңайлатылды

 

         Қазақстан Республикасы Призидентінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкерлерді қолдау, кедергілерді жою үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу 2017 жылдан бастап оңайлатылды яғни, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама тәртібінде жүзеге асырылады.

         Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелу үшін, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе мемлекеттік кірістер органына жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарласа жеткілікті.

        Тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұдан әрі, мерзімсіз болып табылатын және тіркеу органының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін дәлелдейтін «талон» беріледі.

         Жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны 2-жолмен:

  1. Қазақстан Республикасының Е-License Электрондық лицензиялау порталы арқылы – электронды түрде жіберуге;
  2. Немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.

        Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін, ҚР ҚМ МКК электрондық сервисінде орналасқан «салық төлеушілерді іздеу» немесе салық төлеушілер кабинеті сайтынан қарауға болады.

        Тіркеу деректерін өзгерту өзгерту үшін ұсынылған, хабарламаны алған күннен кейін келесі, бір жұмыс күні ішінде салық органымен жүргізіледі.

        ЖК тіркеу барысында салық режимін дұрыс таңдау өте маңызды. Алдымен барлық салық режимдерімен толық танысып, салыстырып көріп, өз кәсібіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.

       ЖК кәсіпкерлердің салық режимдерінің келесідей түрлері бар:

 Патент негізіндегі арнаулы салық режимі. Патент алдын-ала төленетін салық режимінің түрі. Яғни, ЖК тіркелген күні алдын ала бірнеше айға немесе бір жылға салығыңызды төлеп, салық есептілігіңізді өткізіп қоясыз. Мұндағы салық мөлшерлемесі 2% ал 1 жылдық табысыңыз 300  жалақының төменгі мөлшерінен аспауы керек және бұл режим жалдамалы жұмысшының еңбегін қолдануға болмайды;

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Бұл режимге сәйкес жалпы айналымнан 3% салық төлеп, салық есептілігін бір мәрте ғана тапсырасыз.Сонымен қатар жарты жылдық табысыңыз 1400 ЖТМ – нен аспауы тиіс.

Жалпыга бірдей қолоданылатын салық режимі. Бұл режимді таңдасаңыз, таза табыстан 10% салық төлеуіңізге тура келеді. Салық есептілігі әр тоқсан сайын, яғни 3 айда бір тапсырылады

Панфилов ауданы бойынша МКБ жетекші маманы

Мухамеди Е.Б.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған