Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

                                            Әлеуметтiк салық!

         Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi

  1. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
  2. Салық кезеңінде көрсетiлген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады.
  3. Салық төлеушi айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасын есептеудi белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
  4. Салық төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етуі тиіс.

        Салық мөлшерлемелері

  1. Әлеуметтік салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.
  2. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.
  3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар шарттарына сәйкес 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салықты есептейді.
  4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері.
  5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері белгіленген.

               Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

  1. Салық төлеушілер сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді белгіленген мөлшерлемеге сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
  2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды, сондай-ақ аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді белгiленген мөлшерлемелерде айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

           Әлеуметтік салықты төлеу

  1. Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.
  2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі

  1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықтың негізінде есептеледі.
  2. Салық төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

                                                                                         Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасыны

бас маман Ж. Гизатов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған