Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – баршаға ортақ іс

             Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті даму жолындағы жеті басымдықтың бірі санап, негізгі қағидаларын анықтап берді. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың іс – әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады және мұндай бизнесті тиімсіз етеді, экономиканың дамуына кедергі келтіреді.   

            Жемқорлыққа қарсы күрес – салық қызметі жұмысының ең басты мәселелерінің бірі болып табы- лады және бүгінгі таңдағы міндетіміз сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою.           

          Осыған байланысты ҚР ҚМ Салық комитеті төрағасының бұйрығымен «Қазақстан Республика сындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» жөніндегі 2015 – 2025 жылдарға арналған салалық бағдарламасын орындау туралы іс – шара жоспары дайындалған.          

             Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін тұлғаны ынталандыру қарас тырылған. Бұл барлық салық басқармалары қызметкерлеріне жеткізілді. Жалпы салық органдарының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді атқару барысында халықпен үнемі байланыс жасайды.

            Осыған орай салық қызметкерлері тарапынан халыққа мемле- кеттік қызмет көрсетудің регламенттерінің сақталуы, салық төлеушілердің салықтық сауалдарына заң аясында мерзімінде жауап берілуі қадағаланып отырылады. Жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарының бірі – салықтық қызмет көрсету сапасын арттыру, салық төлеушілермен тікелей кездесуді азайтып, салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруға көшіру болып табылады.  

          Салық есептіліктері мен декларацияларын тапсыру негізінен электронды түрде орындалуда. Салық төлеушілер арнайы СОНО бағдарламасы бойынша салық есептерін өз кабинетінен шықпай тапсыра алады. Бұл жүйе салық органдарындағы кездесетін заң бұзушы лықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу негізі болып табылады. Себебі салық төлеушілерге көрсететін қызметтер электронды түрде орындалып, салық төлеушілердің салық органдары қызметкерлерімен жеке байланысын болдырмайды.

        Салық төлеушілерге жағдай жасау мақсатымен ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында және ауыл округтерінде арнайы «терминалдар» орнатылған. Осыған байланысты жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және патент беру, салықтық резиденттікті растау, салықтық есепті қабылдау, салық есептіліктерін уақытша тоқтата тұру, уақытын ұзарту, кері қайтарып алу бойынша салықтық қызметтер түрлері электронды түрде жүргізі леді. Сыбайлас жемқорлықты төмендету, онымен пәрменді күрестің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «www.salyk.kz» сайтымен Салық комитеті төрағасының арнайы блогы, облыстық салық департаментінің және салық басқармасының сенім телефондары, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері жұмыс жасауда. Онда халықтың өз арыз-шағымдарын, ұсыныстарын білдіруге, көкейдегі сұрақтарын орналастыруға мүмкіндігі бар.  

          Салықтық қатынастардағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерді болдырмау, алдын алу мақсатында Салық комитетінің wеб-сайтында «Электронды шағым кітабы» ашылып, салық төлеушіге электронды пошта арқылы арақашықтан салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және оларды жою бойынша шұғыл түрде шаралар қабылдап, тиісінше арызданушыға қаралу нәтижесі туралы ақпаратты алуға мүмкіншілік жасалды.

Панфилов ауданы бойынша  МКБ

бас маманы    А.Турлыбекова   

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған