Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 896
  • Week Visit: 10  687
  • Month Visit: 48  570
  • Years Visit: 538  101
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

  Төленген мемлекеттік баж сомаларын қайтару

 Төленген мемлекеттік баж сомасы:

– талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көбірек мөлшерде енгізілген;

– іс төрелікке берілген;)

– іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;

– арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкілетті адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудан бас тартқан;

– іс жүргізу тоқтатылған немесе, егер іс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы істер санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешудің тәртібін сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

–  мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасаған органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан;

– сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым немесе өтінішхат қайтарылған;

–  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға жатады.

 Мемлекеттік баж қайтарылмайды:

1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;

2) талапкер өз талаптарын азайтқан;

3) сот бұйрығы күшін жойған жағдайларда, қайтарылмайды.

Салық органы мемлекеттік бажды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты салық төлеушіден алғаннан кейін, егер аталған құжаттар салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілген болса, төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару туралы салықтық өтінішті қарайды.

Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.

Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.

Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.

Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

 Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының

есептеу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің   басшысы Сураншиева Э.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған