Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 885
  • Week Visit: 10  676
  • Month Visit: 48  559
  • Years Visit: 538  090
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Арнаулы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлер үшін салық төлеу мерзімі

                Арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын кәсіпкерлер үшін есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады.

Патент құны осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі. Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді. Оңайлатылған салық декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.  Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.

              Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі үшін.

  1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы Е. Смаилов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған